Ресейде ірі көлемде алмаз ұрланды
Ресей полиция қызметкерлері бір миллион доллар болатын алмаз шикізатын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Қылмыстық топ ішінде "Алроса" деген ірі өндіру корпорациясының қызметкері де болған, деп хабарлайды Lenta.ru.
Одан өзге, тағы екң күдікті қамауға алынды. Оларға табиғи тастарды ұрлап, заңсыз өңдеген деген айып тағылуда. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, корпорация қызметкері үнемі алмазды ұрлап келген көрінеді. Кезекті рет 22 млн рубльдің тастарын ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті.
Қылмыскерлерден барлығы 500 алмаз табылған: 200 карат және 11 гауһар. Жалпы сомасы 3 млн доллар. Сонымен қатар, танымал әлемдік бренд өнімдері мен 2 млн Ақш доллары мен 500 мың еуро табылды.