Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстанда екі мың адамды кене шаққан

Ал кене энцефалитіне қарсы екпе 2100-ден аса адамға салынған

Эпидемологиялық бақылау мекемесі мамандарының айтуынша, кене шағып аурухана қаралғандардың саны былтырдан 10%-ға артқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Ал осы жылдың сәуірінен бері кене энцефалитін жұқтырған бес адам анықталған. Қуанышқа орай, асқыну жағдайлары болған жоқ.

- Былтырмен салыстырғанда энцефалит жұқтырғандардың саны аздау. Алғашқы жағдай тек сәуір айында ғана тіркелді, ал былтыр наурызда энцефалит жұқтырған адам болған, - дейді ШҚО Тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім бас маманы Әлия Оспанова.

Энцефалит жұқтырған бес адамның үшеуі Катонқарағайда болса, бірі Өскеменде, тағы бірі Алтай қаласында.

- Қазір жағдайлары жақсы, иммуноглобин салынып, медициналық тексерісте жатыр, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Назигүл Сапарғалиева.

Айта кеткен жөн, қазір Шығыс Қазақстанда энцефалитке қарсы 11 литр иммуноглобин бар. Ал мамандар кене шақпас үшін денеге жақпамай жағып, спрей сеуіп жүруге кеңес береді.


Следующая →