Сергек камералары тамыздан бастап қосылады
Қазір Өскеменде сергек камераларын орнату пен жабдықтау, кабель желісін тарту жұмыстары жасалуда
"Өскемен фотобейнетіркеу жүйесін құру мен қолдану" жобасы аясында қаладағы 74 көше қиылысы мен 85 желілік учаскіде 1228 камера орнатылмақ. Қазір 912-сі орнатылып болды.
Сергектен бөлек бұрын орнатылған 1700 видеокамера да жұмыс істей бермек.
- Астанада "Сергек" камералары іске қосылғаннан кейін айыппұлдардың көлемі 4 есе көбейді. Сондықтан енгізілген жүйе өзін-өзі оңай ақтамақ. Бұл әлеуметтік жағынан өте маңызды жоба. Ең алдымен, азаматтарды дөрекі жүргізушілерден қорғауға мүмкіндік тумақ. Екіншіден, бейнекамералар қаланың түкпір-түкпіріне қойылатындықтан, қылмысты ашу да оңай болады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Облыстық тәртіп сақшыларына аталмыш жүйемен жұмыс жасауы үшін 100 мобильді планшет берілді.
- Камераның инфрақызыл сәулесі бар. Яғни, түнде де "көре алады" деген сөз. Суыққа да шыдамды, - дейді жүйені енгізуші мекеменің директооры Алексей Снегур.