Өскеменде экологиялық флешмоб өтті
Өскемендіктер экологтар күнін атап өтті
Экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері бұл күні тұрғындардың назарын шашылып жатқан қоқыстар мен қалдықтарға аударуға тырысты, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Бізге тұрғындар аулада қоқыс шашылып жатқанын айтып, көп шағымданады. Әсіресе, жер үй мен саяжайда тұратындардың ең үлкен мәселесі. Алайда қоқыс жинауды тұрғындардың өздері де ұйымдастыра алады ғой. Ол үшін компаниялармен келісуі керек, - дейді орталық директоры Генналий Корешков.
Экологтар шашылып, үйіліп жатқан қоқыстың көзін қалай құртуға болатындығы жайлы түсіндірме парақтарын таратып, заң талаптары жайында тұрғындарға кеңес берді.