Америкалық ғалым АҚШ пен Ресей арасында әскери қақтығыс басталуы мүмкін екендігін айтты
Колумбия университетінің профессоры Роберт Легвольд екі елдің әскери қақтығысы Сирия мен Таяу Шығыстан емес, Еуропадан басталуы мүмкін
Дәлірек айтса, Украина шекарасынан от тұтануы ықтимал. Өйткені екі елдің қырғи қабақ соғысы да дәл осы Украина дағдарысынан басталып, бір-біріне экономикалық қысым көрсетіле бастады, деп хабарлайды Новости РАА.
Ғалымның айтуынша, соғысты тоқтатудың басты амалы – державалардың бір-біріне жақындасып, сенім арттыруы. Алайда Ресей АҚШ президентімен ғана емес, саяси билік жүргізіп отырған Пентагонмен де, Мемлекеттік департамент те, санкция салып отырған конгреспен де татуласуына тура келеді. Басты қиындық осында.