Өскеменде ер адам жоғалып кетті
29 мамыр күні үйден шығып кеткен 69 жастағы Александр Петрович Тарлыков сол беті қайтып оралмады
Оны соңғы рет поликлиника маңайынан, "Пятый" және "Талисман" дүкендерінің жанынан көрген куәгерлер бар. Содан бері еш хабар жоқ.
LIDER.KZ еріктілерінің хабарлауынша, егде жастағы тұрғын үйден шыққан күні үстіне сары-көк жолақтары бар футболка, қара джинсы мен тері жилет, сұр бас киім киіп кеткен.
Бойы 173 сантиметр, көзі – көк. Сол жақ қолында су перісі салынған татуировка бар, білегіне қанжардың суреті салынған.
Егер Александр Петровичті көрген-білген адамдар болса, 8-771-466-54-38, 8-702-651-02-25 (What's App) ұялы телефондарына немесе 102 каналына хабарласуға болады.