Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғынына баласын емдетуге көмек қажет

Тоғыз жастағы Ерасыл Жетесовқа жақында ғана қатерлі ісікті кесіп алып тастау үшін ота жасалған еді, енді оның сауықтыруға ата-анасының қаржысы жетпей жатыр

Ұлының аты жаманға ауруға шалдыққанын анасы Сәния Мұхамеджанова жақында ғана, осы жылдың наурыз айында ғана білген. Баланың жүрегі айнып құсып, мазасы болмаған соң, Шемонаиха ауданында тұратын ана ұлын тексерту үшін көп ойланбай бірден Өскеменге жол тартқан.

- Ауруханаға келген кезде ұлымның жағдайы нашар болатын, шұғыл көмек көрсетілді. Басында неврология бөліміне жатқызылды, ойымызда ештеңе жоқ, бәрі өтер де кетер деп ойладық... - деп еске алады Сәния.

Алайда баланың жағдайы ана ойлағандай оңай емес екен. Екі күннен кейін нейрохирургия бөліміне ауыстырылып, мойынынан қатерлі ісік табылды. Диагнозы – пилоцтарная астроцитома.

- Қатерлі ісіктің кесірінен басқа сұйықтық жиналып қалған екен. Гидроцефалияға айналып кеткен. Шұғыл арада балама тұйық қойылып, сұйықтық сығылды. Процедура ойдағыдай өтті, - деп жалғастырды ана.

Дәрігерлер ата-анаға құжат жинап, мемлекеттен квота алуға көп көмектесті. Кейін Сәния Мұхамеджанова баласына алып елордаға аттанды. Сонда ота жасалды. Қазір Ерасылдың жағдайы біршама жақсарды, алайда ем-дом әлі біткен жоқ.

- Қазір онкологияда жатырмыз, қатерлі ісіктің орны түгелдей жазылуы үшін сәуле терапиясын алу керек. Баламның бір жақ беті сал болып қалды, оны да емдеу қажет... - дейді әйел.

Сондықтан баланың сауығып кетуі үшін қымбат дәрі-дәрмек керек. Одан бөлек, анализ тапсыру үшін де, ағзасы қалпына келуі үшін құнарлы тамақ жеуі үшін де қаржы қажет.

Ал жас баланың жағдайына бей-жай қарамай, көмектескісі келген жомарт жандар болса, төмендегі есепшоттарға қаржы аудара алады:

Kaspi Gold: 5169 4971 8853 5110

Картаның иесі – Сания Мұхамеджанова

ЖСН: 710 929 401 073

Следующая →