Республика алаңын жөндеуге бюджетте қаржы жоқ
Облыстық әкімдік алдындағы төсеуіш тастары тоза бастаған Республика алаңы биыл жөнделмейтін болды
Республика алаңы, сөзсіз, Өскемен қаласындағы жұрт ең жиналатын әрі көруге келетін орын. Әуені бар субұрқақ пен наурыз кезінде ғана орнатылған "киіз үйге" келіп, фотосуретке түсіп, бала ойнататындар көп. Жұрт жиі жүретін жер болғандықтан, алаңның төсеуіш тастары да түсін жоғалтып, тоза бастаған.
Алайда оны жөндеуге бюджетте қаржы болмай шықты.
- Қалалық ТҮКШ бөлімі тарапынан бұл алаңды жөндеу туралы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне өтініш берілген болатын. Алайда қаржы құралдарының жетіспеуіне байланысты кері қайтарылды, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жодары бөлімі.