Өскеменде балалар үшін "дәмді" мереке ұйымдастырылды
А.С. Пушкин атындағы кітапхана өкілдері бірінші маусымда балаларға тегін балмұздақ, сыйлықтар сыйлады
Бұл ертегі кейіпкерлері, әндер, фокустар, ойындар мен оқиғаларға толы болған мереке, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мереке "Непоседы" би ансамблінің, аниматорлар мен фокусшылардың орындауларынан басталды. Сонымен қатар, облыс орталығының кішкентай тұрғындары "балалар арбатына" қатыса алды.
- Бұл күні әр бала жанына жақын ісімен айналысты, - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Динара Мергембаева. - Бізде, тіпті, мереке қонақтарына жұлдыздар мен ғарыш әлеміне саяхат жасаған планетарий болды. Ал осы күні алғаш рет кітапханаға келген адамдарға түрлі тілдегі халық ертегілерінің кітаптарына шолу, танымдық энциклопедиялар, журналдар ұсынылды.
Өскемен қаласының кәсіпкері Юрий Картамышев балаларға сыйлаған балмұздақ - мерекенің шарықтау шегі болды.
- Маған өте қатты ұнады, - дейді тоғыз жастағы Халима. - Әдетте бүкіл отбасымызбен саябаққа барамыз. Бірақ осы жыл ерекше және әлдеқайда қызықты болды. Балмұздақ үшін рахмет!