Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғыны қоқыстарды жинап, басқаларға үлгі болуда

Қала тұрғыны әр жолы қаланың Сол жағалауынан үш-төрт қап қоқыс жинайды

Сол жағалау маңынан салынып жатқан қаланың әдемі көрінісі бірден айқын көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Қоқыс үйінділерінің санына қарағанда, бұл жерді көптеген қала тұрғындары жақсы көреді. Тек мұнда демалу өте ыңғайсыз - барлық жерде бөтелкелер, қаңылтыр банкалар, пакеттер мен темекі тұқылдары.

- Мұндай жағдайда көптеген адамдар қолдарын сілтеп, мәдениеті жоқ дейді. Көп жағдайда тәртіпке келтіру талаптарымен коммуналдық ұйымдарға жүгінеді, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының баспасөз хатшысы Елена Полянцева.

Қала тұрғыны Ержан Фатихұлы басқаша жасайды. Бос уақытында ол осы төбеде серуендеп, барлық қоқыстарды тазалайды. Әрбір жинау кезінде ол қоқыс алаңына үш-төрт қап қалдықтарды жеткізеді. Ер адам бір күні қала тұрғындары оның қандай іс істеп жатқанын біліп, ойланады деп үміттенеді. Кейбіреулері қаланы қоқысқа толтыруды тоқтатады, ал басқалары оның ісін қолдар.

- Бұның барлығы мен кешке серуенге шығып, мұның бәрін өз көзіммен көрген сәттен басталды. Біздің тұрғындар үшін ұылдым және өкіндім. Гүлдер мен шөптер, барлығы бөтелкелер, шүберектер, банкілерге толы болды. Ересек адам бұның барлығына жай қарауына болмайды деп есептеймін. Қолыма қаптарды алып, үлкен алаңды қоқыстан тазарта бастадым, - дейде Ержан.

Қала тұрғыны өз ісімен өскемендіктерді табиғатты қорғауға шақырады және жерлестеріноны қолдауға, төбені қоқыстан тазартуға немесе коммуналдық қызметкерлердің қолы жетпейтін кез келген басқа демалыс орнын тазалауға көмектесуге шабыттандырғысы келеді. Ержан бір күні өзінің сүйікті орнына келіп, қоқысқа арналған қаптардың қажет болмайтынына үміттенеді.



Следующая →