Саяси репрессия құрбандарын еске алды
Өскеменде екі күнге арналған "Қасіретті жылдар жаңғырығы" кешенді іс-шарасы өтуде
31 маусым күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің ғимаратында саяси репрессия жылдары құрбан болған жандардың құжаттары мен экспонаттары қойылған көрме басталып, кейін ғылыми конференцияға жалғасты.
Көрмеден қасіретті жылдардан жеткен құпия құжаттар мен хаттардың көшірмесін көруге болады. Көрмені көруге облыс әкімі Даниал Ахметов те келіп, тарихи деректермен танысты.
Ал университет қабырғасында өткен ғылыми тәжірибелік конференцияға 80-ге жуық адам қатысып, ғылыми жаңалықтарымен таныстырды. Бұл қасіретті жылдардың Шығыс елі үшін маңызы зор. Өйткені Алаш қозғалысы мен ұлттық азаттыққа деген алғашқы ұмтылыстың өзі осы шығыстан басталған болатын.
- Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлының шығыс топырағының тумалары екенін ұмытпауымыз керек. Мағжан Жұмабаев та Солтүстік Қазақстанда туғанымен, өмірінің басым бөлігін шығыс өлкесінде өткізген, - деп атап өтті Даниал Ахметов.
Саяси қудалаудың кесірінен 1921-1954 жылдары 100 мыңнан аса адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Одан бөлек өткен ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанға саяси қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар депортацияланды.
Следующая →