Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда автобус жылдамдығына шектеу қойылуы мүмкін

Елдің Ішкі істер министрлігінде болған отырыста жолаушы тасымалы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Отырыс барысында автобустардың жылдамдығын шектеу арқылы жолаушылардың да өмірін аман сақтауға болатындығы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболовтың айтуынша, ІІМ мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі бірігіп жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жол картасы әзірленген.

Аталмыш шаралардың арқасында қоғамдық көліктерді жаңарту жағы жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 90 мыңнан аса автобус ескі екен. Сонымен қатар, автобус жүргізушілерінің біліктілігін көтеру, талаптарын күшейту, автобустың жабдықтарын ауыстыруға тыйым салу сынды шаралар да қолға алынбақ.

Сондай-ақ автобустардың жылдамдығына да шектеу қою қарастырылған екен. Мәселен, елдімекенде 50 шақырымнан, қала маңындағы тас жолдарда 80 шақырымнан асырмау туралы ой айтылуда.

Следующая →