ШҚО-да жүз келі заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды
Уылдырық шашу кезінде балық аулауға мүлдем тыйым салынған
ШҚО Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету отряды мен Тарбағатай аудандық табиғатты қорғау полициясы бірігіп Зайсан көлі маңында рейд жүргізген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Көлікке көл маңында жүк тиеп жатқан жанның әрекеті жасақ мүшелеріне күдік туғызған. Тексере келе, ер адамның үш мөшек алабұға, көксерке, шортан балықтарын заңсыз аулауғаны белгілі болады. Табиғатқа келген жалпы шығын 500 мың теңгеге тең.
- Қылмыстық істің материалдары Тарбағатай аудандық полиция бөліміне жіберілді, - деп хабарлайды ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат қорғауды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.
Енді құқық бұзушыға 2000 АЕК есебінде (5 млн теңге) айыппұл салынуы мүмкін.