Будапештте кеменің төңкерілуіне кінәлілер анықталды
Алдыңғы күні Будапештте, Дунай өзенімен жүріп бара жатқан кеме тағы бір туристік катермен соғылып аударылып қалған болатын
Апаттың кесірінен 7 адам қаза болып, 19 адам жоғалып кеткен еді.
Ал бүгін венгр полицейлері бұл апатқа қатысы бар 64 жастағы кеме капитанын ұстады. Ол кемені басқара алмай, қарсы келе жатқан туристтік кемемен соқтығысуына, адам өліміне себепкер болды деп айыпталуда.
Ал ұсталған азаматтың өзі украин азаматы болып шықты.
Көз жұмған, жоғалып кеткен азаматтардың көпшілігі - Оңтүстік Корея азаматтары.