Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде сым ұрлаған азамат сотталды

Сотталған ер адам алдымен танысының үйін тонап, кейін көшеде тұрған көліктердің бөлшектерін қолды қылумен айналысқан

Алғашқы қылмысы танысының үйінен басталған. Қазақстан көшесіндегі танысының үйіне қонаққа барған ол пәтер иесінің көзіне көрсетпей ноутбук пен екі теледидарды тасып әкеткен. Онымен қоймай, танысының көлігін де бұзып кіріп, одан дүрбіні алып шығып, оны да алып кеткен. Үй иесіне келген жалпы шығын 350 мың теңге. Ал ұрлаған заттарын Заречный базарына апарып арзанға сатып жіберген екен.

Оны оңай ақшаның еліткені соншалық енді ешкімнен қорықпай көшедегі көліктерді де тонай бастаған. Мәселен, Серікбаев көшесіндегі гараждардың жанында тұрған Volvo көлігінің үш дөңгелегі мен пешін шешіп көтеріп кеткен. Бөлшектердің жалпы сомасы 270 мың теңге екен.

Одан кейін Назарбаев даңғылы мен Гагарин бойындағы көліктерді тонап, қымбат дүниелерін қолды қылған. Мәселен, тоналған көліктердің бірінен электр сымын "жүрегімен" қосып түгелдей шешіп алған. Ал оның құны жарты миллион теңгеге тең боп шыққан.

Өскемен қалалық №2 соты аталмыш қылмыскерді екі жыл жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, зияны тиген азаматтардың материалдық шығынын толық өтеп беруге міндеттеген.

Следующая →