Қазақстанда көліктерді техникалық тексерістен өткізудің бірыңғай бағдарламасы жасалады
Енді техникалық тексеріс бекетінің иегерлеріне аталмыш бағдарлама бойынша зерттеу жасауға міндеттелмек
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттік "Жол қозғалысы" туралы заңға толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш мекеме осы көктемде техникалық тексерістен өткізетін бекеттердің бірнешеуіне барып, автокөліктерді диагностикалау жұмысымен танысып, жалған құжат көп жасалатындығын аңғарған. Кей кезде тексеріс бекетіне көлік иесінің келмей-ақ WhatsApp желісі арқылы құжат жасата салатын жағдайлар кездескен.
Соған орай, аталмыш агенттік техникалық тексерістен өткізудің арнайы пішінін жасап шықпақ. Бұл жалған құжаттардың жасалуына тоқтау салмақ.