Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Түн ортасында тонап кеткен

Тәртіп сақшылары Тарбағатайдағы жанармай құю стансасын тонап кеткен бұзақыны ізін суытпай ұстады

Таңғы 4.39-да Тарбағатай ауданының Ақжар ауылдық полиция бөліміне тұрғындардың бірі хабарласып, бір сағат бұрын белгісіз біреудің Тұғыл ауылындағы жанармай құю стансасына баса-көктеп кіріп, сойқан салғанын айтқан.

Зардап шеккен азаматшаның сөзіне сүйенсек, қап-қара киініп, бетіне қара бетперде таққан "қарақшы" ауылдағы жанармай құю стансасының артқы есігінен кірген.

- Бейнебақылау камерасының жоқтығын оператордан нақтылап алған қаскөй оған пышақпен сес көрсетіп, тіпті, жарақаттай отырып, кассадағы жалпы сомасы 150 мың теңгені алып тайып тұрған, - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереу шара қолданған тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін анықтады. Криминалшылардың кәсіби әрекетінің арқасында күдіктінің саусақ іздері анықталып, сол саусақ іздері арқылы қаскөйдің 29 жастағы жұмыссыз ауыл тұрғыны екені белгілі болды.

- Қазіргі уақытта күдікті қылмысын мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Ол уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оның тәртіпсіздік әрекеті ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі бойынша "қарақшылық" деп танылып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Следующая →