Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аяз ата емес, Рамазан ата келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Халифа Алтай" Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бастамасымен өңірлердегі діни ордалар қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді

Ал қасиетті Рамазан айында мешіт қызметкерлерімен қоғам арасында да, құлшылық орындарында да өткізген шаралары, тіпті, өзгеше. Олай дейтініміз мешіт бастамасымен "Рамазан ата" жобасы қолға алынды. "Рамазан ата" - Аяз атаға идеологиялық тұрғыда балама ретінде туындаған бірегей жоба.

- Қазақстанда алғашқы болып Рамазан айын қарсы алатын біздің өкілдік. Сол себепті қасиетті Рамазан айын кең насихаттау мақсатында "Рамазан ата" жобасы қолға алынып, ақсақалдың алғашқы сапары мен "Рамазан ата базарлығы" Белоусовкадағы балалар үйі мен хоспистағы жандарға, кейбір мұқтаж отбасыларға үлестірілді. Тек базарлық таратып қоймай, тұрғындармен дәстүрлі исламның негіздері туралы діни ақпараттармен бөліседі. Қазіргі таңда атаның керуені Өскемен өңірін аралауға шықты, - дейді облыстық мешіттің баспасөз хатшысы Әскерхан Қуанбайұлы.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Рамазан айында аймақтағы қарттар үйі, зағиптар қоғамы, мүгедектер қауымдастығы секілді әлеуметтік ұйымдарға да арнайы мешіт атынан қайырымдылық шаралары жасалып келеді. Бір ғана облыстық мешіт Рамазан айының тек екі аптасында 350 мұқтаж отбасыға азық-түлік, ақшалай көмек көрсеткен. Бірнеше жыл бойы қатарынан өткізіліп келе жатқан мұндай акциялар аясында аудандардағы барлық құлшылық ордалары да жұмыла қызмет етуде.

- Аймақтағы мешіттердің Рамазан айындағы іргелі істерінің бірі - тегін ауызашар дастархандарын ұйымдастыру. Осы ретте өкілдік бойынша ауызашар дастарханының қонақтар саны да өсіп отыр. Облыстық мешітте күнделікті 500 адамға дейін адам ауызашарға келеді. Барлық аудандарда да ауызашарлар өтіп жатыр. Оған да 100-200 адам қатысады. Мешіттегі әйел-қыз секторлары апта сайын қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді, яғни, өздерінің қолөнерлерін, пісірген тағамдарын мешіт жамағаттарына сатып, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсайды. Сонымен қатар, екінші мәрте Құран Кәрімді аудару басталды. Қатысамын деген азаматтар болса, мешіт ұстаздарына хабарласуға болады, - дейді Әскерхан Қуанбайұлы.

Рамазан - Жаратушының бұйырған парызын орындай отырып, нәпсіні құрықтап, жан дүниені, жүрегімізді тіршілік кірінен тазартып, көркем мінезділікке, рухани кемелдікке қол жеткізуге тырысатын мүмкіндік мезгілі, мүбәрак ай. Бұл айда таңның атысынан күннің батысына дейін тек тамақтан тыйылып қана қоймай, өзге де тыйым салынған әрекеттерден бас тарту қажет. Бұған қоса, Алла разылығын тудыратын ізгі амалдарды көбейте түсу өте қажет.

Следующая →