Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ақша жинауға бола ма?

Қазір жер-жерде білім беру мекемелерінде ақша жинауға наразы ата-аналар көбейді. Өйткені ата-аналардың көбі мектепте ақша жинаудың заңсыз екендігін біледі

- Ұлым биыл мектеп бітіргелі отыр. Бітіру кеші мен мұғаліміне сыйлық беру үшін айдың басында он мың теңгеден жиналған болатынбыз. Енді сынып жетекшісі жөндеуге деп тағы ақша сұрап отыр, - деп арызданды атын атамауды өтінген ұландық ата-аналардың бірі.

Өйткені атын атаса, мұғалімнен де ұят көрінеді. Бәрі бір ауылдың тұрғындары болғандықтан, бірін-бірі "көрсеткісі" келмейді.

Қазір қала мен ауыл мектептерінің бітіруші сыныптары, яғни, төртінші, тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары жөндеу жұмыстары мен мұғалімге сыйлық береміз деген желеумен ақша жинап жатыр. Ал жемқорлыққа қарсы мемлекеттік органдар мектепте ақша жинаудың заңсыз екендігін тағы да ескертіп отыр.

- Білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетіндіктен, оны ата-аналардан жинау заңсыз. Жалпы, білім беру мекемелерінде жиналатын қаржының кез келгені заңсыз болып саналады. Өз еркімен қаражат бергісі келген ата-ана демеушілік қоры арқылы ғана қаржы аудара алады, - деп түсіндірді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Ренат Набиев.

Ал Өскемен қаласының әкімі биыл мектептерді жөндеу жұмыстарына 400 млн теңге қаражат бөлінгенін айтады. Былтыр да осынша көлемде қаржы бөлінген. Облыс бойынша бұл шаруаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді деген жоспар бар.

- Мектеп директоры да, мұғалім де ата-анадан бір тиын да алмауы тиіс, - деп атап өтті Жақсылық Омар.

"Ақша жинамаңдар" десе де бюджеттен бөлінген қаржы жалпы мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жеткенімен, әр сыныпты жөндеуге мүлдем жетпейді. Сол себепті ата-аналар комитеті жөндеу жұмыстарына қаржы жинауға өздері бастама көтеріп, қаражатты еркін түрде, мәжбүрлеусіз жинай алады.

Егер мәжбүрлі түрде "жылу жинау" жағдайына кез болған ата-аналар болса, 8(7232) 241-199 жедел желісіне не 8-777-907-20-93 ұялы телефонына хабарласуға болады. Ұялы телефонда WhatsApp желісі де бар.

Следующая →