Семейде мал ұрлаған ұрылар ұсталды
Семей қалалық Полиция бөлімі "Мал ұрлығы" шғыл алдын алу шарасын өткізу кезінде ұрыларды қолға түсірген
Топ үш ай бойы облыста мал ұрлығымен айналысып келген. Олар қайта-қайта Семей қаласына жақын маңда орналасқан бір шаруа қожалығының малын айдап кетіп отырған.
Ұрылар шаруа қожалығы иелерінің малды үнемі бақылауда ұстамайтындығын пайдаланып, 70 бас қойды айдап әкеткен. Шығын 1 млн 180 мың теңге.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Шұғыл алдын алу шарасын өткізген үш күн ішінде тәртіп сақшылары мал тасумен айналысатын бірнеше көлікті тексерді.