Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Билік былтырғы жағдайдың қайталануын қаламайды

Тек Өскемен қаласы үшін ғана биыл бір жарым тонна көмір сатып алу жоспарланып отыр

Облыс әкімшілігі көмір бағасын арзандатуға қазірден бастап кірісті. Облыстық тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасына тапсырма беріп, темір жол бекетінен алыс аудандарға дейін көмір таситын тасымалдаушыларды табуға кеңес берді.

Былтыр аудан-аудандарда көмір жетпей ел-жұрт біраз дүрліккен еді. Ал алыс аудандарда көмір бағасы бірнеше есе қымбаттап, халықтың қалтасына ауырлық түсірді. Мәселен, Зайсан ауданында көмірдің бір тоннасы 12 мың теңгеге, Үржарда 18 мың теңгеге жеткен еді.

- Биыл "Қаражыра" кенішіндегі көмірдің бір тоннасы 3585 теңге болып отыр. Бұл былтырға қарағанда 7% қымбат. Ал Семейдегі темір жол бекетіндегі көмір бағасы - 7400 теңге, Өскеменде - 8800 теңге. Ал Аягөз қаласында 9000 теңге болса, Алтай мен Шемонаиха қалаларында 9600 теңге, Шарда 10 мың теңге болып отыр, - деп есеп берді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының м.а. Асхат Бұқатаев.

Ал аймақ басшысы Даниал Ахметов биыл да көмірдің бағасы шарықтап кетпес үшін қазірден бастап қам жасау керектігін айтты. Әкімнің ойынша, көмірді арзандату үшін шалғай аудандарға отын таситын арнайы тасымалдаушыларды табу керек.

- Ол тасымалдаушының бағасы бәсекелестеріне қарағанда арзан әрі қызметі сапалы болуы қажет. Қазірден бастап тасымалдаушыларды шақырып, темір жол бекетінен елді мекендерге дейін көмір тасу үшін қанша қаржы алатындығын анықтаңыздар, - деп тасырма берді облыс әкімі.

Осылайша облыс әкімдігі күзгі көмір бағасын бірыңғай тасымалдаушымен келісу арқылы реттеуді көздеп отыр.

Следующая →