Жұдырық ала жүгірген
Өскемен қаласында 19 мамыр күні Вострецов көшесіндегі үйлердің бірінің кіре берісінде белгісіз біреу ер адамға жұдырық ала жүгірген
Бұл туралы зардап шеккен 22 жастағы жігіт полицияға хабарлаған.
Ол тәртіп сақшыларына подъезге кіргенде белгісіз бір ер адамның жақындап, сөзге тартқанын айтқан. Әңгімелері жараспаған екеуі сөзге келіспей қалған. Дауды тоқтатудың орнына, бейтаныс азамат оны соққыға жыққан.
Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден анықтап, тұтқындады. Ол бұрын істі болған 32 жастағы қала тұрғыны екен.
- Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Тұтқындағы азамат 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.