Шемонаихада көлік қаққан қыздың жағдайы оңалып қалды
Бұл туралы Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығының травматология бөлімі мәлімдеді
Бөлім меңгерушісі Ержана Солтанбековтың айтуынша, бірнеше жерден жарақат алып, қолы сынған 13 жастағы жеткіншек қалалық ауруханаға жеткізілген
- Қыздың жағдайы жақсарып келеді: жақсы тамақтанады, денсаулығына төнген қауіп жоқ, - дейді Ержана Солтанбеков. - Алдымен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Кейін тексеруден өткен соң травматология бөліміне түсті. Қазіргі таңда жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.
Бөлім меңгерушісінің айтуынша, Шемонаиха аудандық ауруханасының дәрігерлері алғашқы көмекті дұрыс көрсете алғандығы оң әсер еткен.
Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні Шемонаихада жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан қызды көлік қағып кеткен болатын.