Жоғалған семейлік азамат дін-аман табылды
Кеше кешкі уақытта 25 жастағы Дархан Ағзамов үйіне қайтып оралғаны белгілі болды
Жоғалған Семей қаласының тұрғыны төрт күн бойы іздеуде жүрген. Дарханның туғандары еріктілер мен полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Кеше жас жігіт үйіне қайтып оралды. Осы уақыт аралығында оның қайда болғаны белгісіз. Өзі тіл жарып ештеңе айтпаған.