Өскемен су қоймасына рипус балығы жіберілді
Мамырдағы мерекелерге орайластырып жергілікті компаниялардың бірі Өскемен су қоймасына сиг балығының бір миллион ұсақ шабағын жіберді
Балық шаруашылығымен айналысатын ұйымдардың барлығы жыл сайын белгілі бір мөлшерде балыө шабақтарын суға жіберіп, оның өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Мәселен, былтыр 11,5 млн шабақ балық суға жіберілген екен.
- Ертіс бассейнінде 15 шаруашылық балық аулаумен айналысады. Жыл сайын ғылыми негіздемеге сай оларға өсіріп шығаруы тиіс балықтың көлемі бекітіледі. Тау өзендеріне сиг балығы жіберілсе, су жылы жазық өзендеріне сазан, тұқы балықтары жіберіледі, - дейді ШҚО Табиғи ресурстар басқармасына қарасты жедел әрекет ету отрядының басшысы Арман Есентаев.
Отряд басшысының айтуынша, сиг балықтары бұрында Ресей су қоймаларынан сатып алынған болса, қазіргі уақытта жергілікті шаруашылықтардың өздері де қолдан өсіре бастаған екен.
Следующая →