Өскеменде ер адам көлік астына түсе жаздады
Бүгін Абай даңғылында ер адам ағылып жатқан көлік астына секіріп, халықтың зәресін ұшырды
Бұл суицид па әлде ер адам қандай да бір есірткілік затқа мас болды ма, әзірге белгісіз.Қалалық полиция бөліміндегілер тәртіп бұзған азаматтың қолға түскенін хабарлады.
- Азамат полиция бөліміне жеткізілде. Мамандар жұмыс жүргізіп жатыр, - дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.
Ал Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазба астында пікір білдіргендер бүгін әйел адамның осылайша өзін бір түрлі ұстап, көлік астына жүгіргенін айтады. Михаэлис көшесінде де ер адам көлік жолымен жүріп, тыйым салынған жерден жолдан өткен.