Мерекеден кейін Өскемен қоқыс астында қалды
Қаланың әр ауданының тұрғындарынан ауладағы қоқыс контейнерлері толып, қоқыс шашылып жатқандығы туралы шағым түсіп жатыр
Мерекелік демалыстардың ұзаққа созылуы қаланың жаппай қоқыс астында қалуына соқтырды. Әуезов даңғылы, Крылов, Лихарев, Нұрмағамбетов көшелері әлі күнге дейін тазартылмаған.
- Бүгінгі алтыншы күн болды ауладағы қоқыстың шағырылмағанынан. Иіс қолқаны қабады, қоқысты қайда тастайтынымызды білмейміз, - дейді Әуезов даңғылы, 6 үйдің тұрғыны Валентина Сидоренко.
Көшелердің сиқы шынымен де жаңа ұстатарлық. Крылов көшесі, 81/1 үйде қоқыс құбыры бар. Қалдықтары контейнерлерге тасталады да қоқыс шығаратын көлік келгенше күтеді. Көлік келмегеннен кейін ішіндегі қоқыс желмен ұшып, көшеге шашылған.
- Қоқысты неліктен шығармағандарын білмеймін, - дейді тұрғын Ольга Лихарева. - Аулада тұрған көліктерден қоқыс шығаратын көлік контейнерлерге жетпей қалса керек.
Коммуналшылар бұл мәселені біледі және жақын уақытта қолға алатындықтарын айтты.
- Қоқыстың барлығын шығарамыз. Бүгін қосымша көліктер шығардық, - деп мәлімдеді "Өскеменспецкоммунтранс" коммуналдық кәсіпорны.
Следующая →