Балалары мен зайыбы аман, ер адам өртеніп кетті
Жексенбіде түнгі уақытта Алтай ауданының орталыққа жақын ауылдарының бірінде өрт шыққан
Путинцев ауылында түн ортасында жер үй өртке оранған. Куәгерлер дереу өрт сөндіру қызметіне хабар берген уақытта екі баласы бар отбасы тұрып жатқан жер үй түгел жалынға оранған.
- Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көршілер үйдегілерді сыртқа шығарған, - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. - 62 және 35 жастағы екі азаматша мен олардың 14 және 4 жастағы балалары. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.
Ал жалынды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер үй ішінен 1965 жылғы ер адамның денесін анықтаған.
Мамандар өртті тек таңғы 4.37-де толықтай сөндіріп үлгерген. Тұрғын үй толығымен жанып кетті.
- Өрттің шығуына электр желілерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған. Үйде жарық болмаса керек. Өйткені тоқ электр бағанынан ажыратылған, - деп қосты мамандар.
Ал үйдің басқа тұрғындары дін-аман, қазіргі таңда емханада жатыр.