Өскеменде Бари Алибасовтың мүсіні алып тасталады
Вандалдар да мүсінді сындыра берген соң, бұл жолы "Өскемен Тәртіп" мүлдем алып тастауға бел буды
Ғашықтар аллеясында гитара құшақтап отырған жерлес шоумен Бари Кәрімұлының алтын түстес мүсініне, неге екені белгісіз, вандалдар да "тым үйір" боп алды. Бір есе мүсіннің аяғын, біресе қолы мен гитарасын сындырып кетеді. Сәуір айының басында-ақ коммуналды қызмет жұмысшылары мүсінді ретке келтіріп, келбетін әрлегендей еді.
Алайда кәсіпорын мамандары мүсіннің қалыпқа келмейтінін айтып, оны мүлдем алып тастауға шешім қабылдады.
- Жөндеуге келмейді. Жылда осы. Қашанға дейін жөндеумен боламыз, - дейді кәсіпорынның баспасөз хатшысы Владимир Землянский.