Қытай ядролық қару келісімінен бас тартпақ
Қытай үкіметі АҚШ-пен де, Ресеймен де ядролық келісімшарт жасасуға тартыншақтап отыр
Қытай елі Дональд Трамптың АҚШ-Ресей-Қытай үшжақты ядролық келісімшартын жасау туралы ұсынысын кері қайтарды, деп хабарлайды Новости РАА.
Мұны Қытайдың сыртқы істер министрі Гэн Шуан мәлімдеп отыр. Оның сөзіне қарағанда, Қытайдың әскери индустриясы өз елін қорғауға ғана жеткілікті деңгейде, одан артық жоқ. Ядролық арсеналы мол елдер ғана келісімшартқа келуі керек.
Ал Трамп бұл мәселені дұрыстап талқылау керектігін айтып тақырыпты жабудан бас тартты.