Алтайдың жолдарын жөндеу үшін 300 млн теңге бөлінбек
ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала белсенділерімен кездесуі кезінде өлкені ары қарай абаттандыру бойынша айтты
Өңір басшысы айтқандай, қаланың орталық көшелерімен қатар, шет өңірлердің көшелерін де жаңарту қажет. Биыл Алтай ауданының жолдарын жөндеуге 300 млн теңге бөлінбек.
- Өткен жылы осынша сома бөліген, бірақ игерілмеген, - деді Даниал Ахметов. - Бұны жөнге келтіру керек. Егер 300 млн теңгені меңгерсеңіздер, тағы да қаржы табамыз.
Одан өзге, тағы 144 млн теңге ауылдарды абаттандыруға бөлінбек. Бірақ ауыл тұрғындары өздері де жұмысты қолға алуы керек.
- Жол үстіндегі батпақ, ауладағы қоқыс – барлығын ретке келтіру керек, - деді облыс әкімі қала белсенділеріне. - Әр тұрғын өз шарбақтарын жөндеуі үшін әкім ауылдықтармен сөйлесуі керек.