Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

"Император" сауда кешені жеңіс күнін тойлауға шақырады

9 мамыр күні сағат 14.00-де "Император" маңында Жеңіс күніне арналған кең көлемді мерекелік шара ұйымдастырылады

Сауда кешені қала тұрғындары мен қонақтарын шақырады.

- Біз тарихта қалған қанды жылдар естеліктерін, ата-баба ерліктерін өскелең ұрпақтың есіне салып, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда жан беріп, жан алысқан ардагерлердің ерліктеріне тағзым етуді көздейміз, - дейді "Император" СК PR-менеджері Анастасия Рутковская.

"Ерлік мәңгі" жасайды деген тақырып аясында өтетін шаралар соғыста мерт болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздіктен басталады. Әрі қарай ересектер мен балаларға арналған мерекелік бағдарлама күтеді. Гульзада Хамитова, "Русская песня" халық ансамблі, "Вайнах" шешен-ингуш хореографиялық ұжымы мен "Жұлдыз" балалар шығармашылық үйі мен балалар өнер мектебінің талантты өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салады. Соғыс жылдарындағы әндер мен гормоньмен шырқалатын халық әндері тыңдаған құлақтың құрышын қандырары анық.

Ал балалар үшін "Жас сарбаздар қатарына қабылдау" әскери-спорттық ойындары өтеді.

- Сауда кешені өткізгелі отырған мерекелік шараға отбасыңызбен келіңіз! - дейді ұйымдастырушылар. - Біз қиын-қыстау сол жылдар, тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра білген халықтың қайсарлығы мен ерлігін еске аламыз.

Одан өзге, жылдағы дәстүр бойынша сарбаз ботқасы пен палау үлестіріліп, ретро-көліктер көрмесі жанында суретке түсу мүмкіндігі туады.

Естеріңізге сала кетейік, "Император" СК 9 мамырға арнап балалар арасында "Жеңіс үшін рахмет!" тақырыбы аясында сурет байқауын жариялаған болатын. Дәл сол күні байқау қорытындысы да жарияланбақ. Байқауға 14 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Шарт бойынша қатысамын деушілер тақырып аясында сурет салып, оны 8 мамырға дейін "Инстаграм" әлеуметтік желісінде #9мамыримператор хэштегімен жариялауы керек. Жеңімпаздар үш жас ерекшелігі бойынша анықталады: 7 жасқа дейін, 7 мен 10 жас аралығында және 10-нан 14 жасқа дейінгілер. Ал балалардың суреттерін Қазақстан мен Ресейдің Суретшілер одағының мүшесі Сергей Петрович Шупляк бағалайды.

Следующая →