16 жастағы бозбала суға кетті
Қайғылы жағдай Аягөз ауданында орын алған
Жасөспірімнің денесін өзеннен өрт сөндірушілер алып шықты.
Мал бағып жүрген бозбала Азягөз өзенінің арғы бетіне малды айдап өтпек болғанда, жылқы мөңкіп, баланы лақтырып жіберген. Ал қатты ағыс оны өзен түбіне тартып әкеткен.
ШҚО ТЖД хабарлағандай, іздеу жұмыстары бірнеше сағатқа жалғасқан. Құтқарушылармен бірге жасөспірімді аудандық полиция бөлімшесі, әкімшілік өкілдері мен ауылдық округ тұрғындары жұмыла іздеген.
- Хабар түскен бойда біздің қызметкерлер бірден оқиға орын алған орынға аттанды, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімнің аға инженері Мәди Қажыбаев. - Іздеу шараларына барлығы 50 адам қатысқан.
Оның айтуынша, өзеннің тереңдігі, орта есеппен, үш метрдей. Ал мамандар баланың денесін жылқы лақтырған орыннан 50 метр қашық жерден тапқан.