Мопедті мас күйінде жүргізген азамат көлікке соғылды
Жол-көлік оқиғасы кеше кешкі уақытта Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойында орын алған
Қалалық Полиция басқармасы хабарлағандай, 37 жастағы мопед жүргізушісі алкогольдік ішімдікке мас күйінде тізгінге ие бола алмай, алда келе жатқан Audi маркалы көлікке соғылған.
- Жарақат алған мопед жүргізушісі бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Әміренова. - Оған қатысты ҚР ӘҚБК 615-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ем алғаннан кейін мопед жүргізушісі айыппұл төлеуі қажет.
Тақырыптар:
Водитель мопеда ДТП с мопедом ДТП на проспекте Сатпаева ДТП в Усть-Каменогорске УП Усть-Каменогорска