Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің майдангерлері мен тыл ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар табысталды

Ардагерлер Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай №21сайлау округінің қалалық мәслихатының депутаты Сергей Коротиннің атынан сыйлықтарға ие болды

Майдангерлер мен тыл ардагерлеріне жүрекжарды тілектер жазылған ашықхаттар, қалампыр гүлі, азық-түлік пен тәтті-дәмділерге толы дорбалар табысталды.


veteran.jpg

Қарттар қонақтарды қуана қарсы алды. Өздеріне деген ықылас пен құрметті байқаған қариялардың көңілдері босап, көздеріне жас алды.

- Майдангерлермен кездесу қашанда толқынысқа толы, - дейді №21сайлау округі депутатының көмекшісі Галина Андреева. - Ардагерлермен қосыла жылап-күлеміз. Жыл сайын айтулы мерекемен құттықтау дәстүрге айналды. Кейбіреулері шынымен де осы базарлықтарға мұқтаж, кейбірі мұқтаж емес... Бірақ ең бастысы – көңіл. Қариялар біздің келгенімізге шын қуанады. Ал ол бізге де қуаныш сыйлайды.


nagrada.jpg

Жыл өткен қан майданда от кешкен майдангерлер қатары сиреп бара жатқаны жанға батады. Көзі тірі ата-әжелерімізге құрмет көрсетіп, тағзым етіп, мықты денсаулық тілейміз!



Следующая →