Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дәрігер қабылдауына қалай жазыласыз?

Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы дәрігер қабылдауына жазылуға, медициналық қызметті бағалауға, арыз, алғыс айтуға көмектеседі

Бүгінде Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы дәрігер қабылдауына жазылуды жеңілдетіп отыр. Дегенмен Call-орталығына хабарласып, облыстық диагностикалық орталығына жазылу мүмкіндігі жоқ. 
- Мен Ұлан ауданының тұрғынымын. Жергілікті емханада маған Call-орталығының нөмірін беріп, дәрігер қабылдауына жазыла алатынымды айтады. Бірақ мен хабарласқан сайын мен босқа ақша мен уақытымды кетіргенімді түсінемін. Өйткені онда маған мына нөмірге хабарласыңыз, біз онымен айналыспаймыз дейді. Сонда бұл әмбебап Call орталығының пайдасы неде? - деп өз ойымен бөлісті Анар Асқарқызы. 
Соған қарамастан орталықтың өзге мәселелерге қатысты пайдасы бар. Өйткені Call-орталығына күніне (апта күніне байланысты) 547-ден 1345-ке дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық елді мекендерінен қоңыраулар түседі. Солардың ішінде Өскемен, Семей, Алтай, Риддер қалалары мен Алтай, Абай, Катонқарағай, Ұлан, Көкпекті, Үржар, Бесқарағай, Зайсан аудандарының тұрғындары бұл қызмет түрін белсенді пайдаланады екен. 
- Тұрғындар Call-орталығына хабарласып қажетті дәрігердің қабылдауына кез келген уақытқа жазыла алады және қажетті сұрағына ақпарат ала алады, - деп түсіндірді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Мұхамеджан. 
Call-орталығына көбінесе медициналық қызметтер бойынша шағымдар, медициналық ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өтініштер мен түсініктемелер айту үшін, медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін учаскелік дәрігерлеріне, сондай-ақ, ШҚО стоматологиялық емханаларының мамандарына алдын ала жазылу үшін хабарласады. Сонымен қатар, орталықта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бойынша консультация беріліп, оларды халыққа көрсету ережесі түсіндіріледі. 
- Пациенттер тарапынан Call-орталығына шағымдар да түседі. Шағым түскеннен кейін дереу пациенттерді қолдау қызметіне бағыттайды, ол жерде заңға сәйкес тексеру жүргізіліп шағымданушыға жауабын береді. Егерде дәрігерлер тарапынан қателіктер орын алса, дәрігерге қатысты шаралар қабылданады, - деп қосты Ілияс Мұхамеджан.
Арыз, шағымнан бөлек, пациенттерден дәрігерлерге алғыс білдіру үшін аптасына, орташа есеппен, 1-2 қоңырау түседі екен. Бұл факт операторлар арқылы емес, Call center медициналық порталы арқылы емханаға жолданады. 

Егер сіз Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығының көмегіне жүгінгіңіз келсе, 8 (7232) 701-131 нөміріне хабарласа аласыз немесе call-centervko.kz сайтына кіре аласыз. 
Следующая →