Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ештеңені жасырмайтын екі мектеп

Аймақтағы мектептер мен балабақшалар бюджет шығындары жайлы мәліметтерді ашық жариялап отыратын болады

Қазірдің өзінде Өскемендегі екі мектептің басшылары бюджетіндегі қаржының қайда және қалай шығындалып жатқанын жариялауға көшті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті қолға алған "Шығыс - Адалдық алаңы" атты жоба аясында мектеп басшыларын ашық жұмыс жасауға шақырып, "Ашық бюджет - ашық мектеп!" атты бастаманы қолға алып отыр.

- Яғни, білім беру мекемесі бюджетіндегі қаржылардың жұмсалымы мен шығыны, әкімшілік істері жайлы ақпараттарды ғаламтордағы сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап отыруы қажет. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың жемқорлықтан бас тартуына себепші болмақ, - дейді департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.

Ал ата-аналар мен білім беру мекемесінің қызметкерлері онлайн арқылы қаржы есебін бақылауда ұстап, мемлекеттік қаражатқа қоғамдық бақылау орнатпақ.

"Шығыс-Адалдық алаңы" жобасы аясында тағы бір бастаманың тетігі іске қосылды. Мәселен Өскемен қаласының №8 орта мектебі мен Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің ішінде сатушысы жоқ дүкен ашылды. Ал "Адалдық дүкенінен" тауар сатып алған оқушылар кассаға кеп, өздері төлеп кетуі керек.

- Сол арқылы жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру - бастамамыздың басты мақсаты болатын, - дейді департамент басшысы.


Следующая →