Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер Арбаттың салынғанын қаламайды

Бұрынғы Головкова, қазіргі Бейбітшілік көшесінде тұрып жатқан тұрғындар мен кәсіпкерлер суретшілер мекені – Арбаттың салынғанын қаламайды

Ал облыс әкімі Даниал Ахметов басталып кеткен құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындардың өкпе-назын тыңдап қайтуға барды.

Бейбітшілік, М.Горький және С.Нұрмағамбетов (Орджоникидзе) көшелерін абаттандыру үшін қазынадан 200 млн теңге бөлініп отыр. Жоба бойынша Бейбітшілік көшесінің автожолы жабылып, тек жаяу жүргіншілер ғана жүретіндей Арбат салынуы керек болатын. Мұнда орындықтар мен шатыр астындағы орындар, балалар алаңы мен спорт алаңы, субұрқақ пен сауда павильондары орналастырылады. Ал көшенің екі қапталындағы тарихи үйлердің сырты жөнделіп, жарықшамдар қойылмақ.

Алайда аталмыш көшенің тұрғындары мен дүкен-кеңселері бар кәсіпкерлер салынып жатқан құрылысқа назарылық танытып отыр. Айтуларынша, ұзын Арбат тұрғын үйге кіретін алаңдарды жауып, дүкендер мен кеңселерге келетін көліктердің тұрақжайын бұзып тастамақ.

- Бұл жерде 62 дүкен мен төрт көпқабатты тұрғын үй бар. Соның барлығы Арбаттың салынғанын қаламайды! Клиенттер келмей қала ма деп уайымдаймыз. Дүкенге келетін жол жоқ. Сонда тауарларымыз қалай өтпек. Қазірдің өзінде екі дүкен жабылып қалды, - деп арызданды кәсіпкер Болат Байшалов.

Ал облыс әкімі Даниал Ахметов бұл көшенің тұрғындарының мәселесін шешу үшін 4 мамыр күні сағат 9.00-ге өзінің жеке қабылдауына шақырды.

- Қаланың да, көшенің де тұрғындарына жайлы болғанын қалаймын. Бұл мәселені дұрыс қарап, оңды шешім табуға әзірмін. Сенбі күні сіздермен кездесіп, ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын, - деді аймақ басшысы.


Следующая →