Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ның соғыс ардагерлері 543 мың теңгеден алады

Соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек ретінде жыл сайын қомақы бір реттік жәрдемақылар берілетін

Биыл да жеңістің 74 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 543 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі. Ал ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсету үшін барлығы 110 млн теңге бөлінген.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мәлім еткендей, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында 202 соғыс ардагері бар. Өскемен қаласында 74 майдангер, Семейде 43 ардагер тұрып жатыр.

Одан бөлек, соғыста жесір қалған 58 әйелге 88 мың теңгеден берілетін болады. Ал тыл ардагерлеріне 63 мың теңге әлеуметтік көмекақы беріледі. Қазіргі уақытта облыста 900-ге тарта тыл ардагері бар.

Соғыс қасіретін көрген жандарға көрсетілетін көмек түрі мұнымен шектелмек емес. Ұлы Отан соғысы мен тың ардагерлеріне бір ай бойы ауруханаға тексерілу тегін болмақ. Ал кейбір ардагерлердің үйіне барып медициналық қызмет көрсетуге де дәрігерлер әзір.

Соған орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында "Қамқорлық-Забота" атты акция ұйымдастырмақ. Аталмыш акция аясында облыс ауруханалары мен емханаларында "Ашық есік күні" өткізіліп, ауруханаға келген Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне тегін медициналық қызмет көрсетпек.

- Ардагерлердің денсаулығын бақылау - аймақ денсаулық сақтау саласының басты бағыттарының бірі. Қатары күн санап азайып бара жатқан ардагерлеріміздің денсаулығын үнемі бақылауда ұстап отыру қажет, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысының м.а. Ілияс Мұхамеджан.

Дәрігерлер ардагерлердің үйіне келіп те, медициналық тексеріс жасай алады.

- Өзі барып келе алмайтын ардагерлердің үйіне дәрігерлер келіп ем жүргізеді. Невролог, терапевт, хирург, көз дәрігері, отоларинголог сынды біліктілігі жоғары мамандар барады, Олар науқастың жағдайын тексеріп, кейінгі ем-дом шараларын тағайындайды. Кейбірі стационарлық емдеуге қойылса, енді бірі шипажайларға жіберіледі, - дейді бас дәрігер.

Следующая →