Ер адам қараусыз қалған үйде өртеніп кете жаздады
Иесіз жатқан құрылыспен көршілес тұрғын үйдің иелері дабыл қағып, өрт сөндірушілерді шақырған
Бородулиха ауданында қайғылы оқиға орын ала жаздады. Иесіз жатқан құрылыспен көршілес тұрғын үйдің иелері дабыл қағып, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Құрылыс ішінде, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 51-ӨСБ өрт сөндірушілері төсекте жатқан ер адамды тапты. Ол ішімдікке тойып алып, өздігінен қозғала алмаған.
Өрт сөндірушілер 49 жастағы зардап шегушіні сыртқа шығарып, улы газбен улану белгілерімен жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Көршілер үйсіз ер адам қараусыз қалған үйге жиі келіп, төсекке жатып темекі шегіп, ашы су ішкенін айтты. Бұл өрттің себебі болуы мүмкін.