ШҚО-да өртте екі адам қаза болды
Өткен сенбі күні таңертең тілсіз жау Шемонаиха ауданының Половинка ауылының екі тұрғынының өмірін жалмады
Таңғы уақытты екі иесі бар жер үйден өрт шыққан. Өрт салдарынан 32 жастағы әйел адам мен 70 жастағы ер адам өртеніп кеткен. Марқұмдардың мәйіттерін өрт сөндірушілер тапқан.
- Көршілердің айтуынша, қария алкогольдік ішімдікке әуес көрінеді. Қазіргі уақытты өрттің шығу себептері анықталу үстінде, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.