Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан президенттігіне үміткерлердің бірі сайлауға қатысудан бас тартты

Талғат Ерғалиев сайлауға қатысу туралы өтінішін қайтып алып, "Ақ жол" партиясының өкілі ретінде саяси ұйым атынан ұсынылған жалғыз кандидат - Дания Еспаеваға қолдау білдірмек

Президенттікке Құрылысшылар одағы атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев кандидатурасын қайтып алды. Бұл туралы “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Партияның сайтындағы мәліметке қарағанда “Ақ жол” төрағасы Азат Перуашев Қазақстан Құрылысшылар одағы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылуға өтініш берген Талғат Ерғалиевпен кездескен. Жуырда партияның съезінде алты үміткерге құпия дауыс беріліп, Талғат Ерғалиев 31,6% дауыспен екінші орын алған еді. Азат Перуашев үміткердің жасаған таңдауына құрметпен қарайтынын айтты. Партия төрағасының айтуынша, съезге қатысушылардың көп дауысына ие болғанын ескергенде оның мұндай қадамға баруы да түсінікті. Бірақ Азат Перуашев партия атынан бір кандидат - Дания Еспаеваның таңдалғанына байланысты басқа үміткерлердің де ортақ шешім төңірегіне топтасуы керек екенін еске салды.

Талғат Ерғалиев партия съезіндегі дауыс беруге қатысты наразылығы жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, өзінің Қазақстанның Құрылысшылар одағы атынан ұсынылуы дұрыс, өйткені ұйымды бұрыннан басқарады, саланың проблемалары мен халықтың қолжетімді баспанаға мұқтаждығын жетік біледі және бұл мәселеге мемлекет деңгейінде жеткіліксіз көңіл бөлініп отыр деп есептейді. Оның үстіне, бұл сайлауда бір қоғамдық бірлестіктен немесе партиядан бірден үш үміткер ұсынғандар да болды. Дегенмен “Ақ жол” партиясына деген құрметке байланысты және партия төрағасымен әңгімелескеннен кейін Орталық сайлау комиссиясынан өтінішін қайтып алуға және Дания Еспаеваның сайлауалды кампаниясына қатысуға дайын екенін мәлімдеді.



Следующая →