Өскеменде құтқарылған күшік жаңа иесін іздейді
ТЖД бригадасы қаладағы бір ауданында орналасқан құбырдың бірінен үй жануарын алып шықты
Бір жарым айлық күшік оны Аблакеткадағы Челюскин көшесіндегі 27-үйдің кәріз құбырына лақтырған "қамқор иелерінің" құрбаны бола жаздаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол бір тәуліктен астам уақыттай құбырдан шықпақ болған. Тіпті, аудан тұрғындары да оған көмек көрсете алмады, себебі құбыр ұзын болған. Сондай-ақ, үй жануары қорқыныш пен суықтан құбырдың ең алыс бұрышына тығылып алған. Нәтижесінде бей-жай қарамайтын адамдар 112 қызметіне жүгінген.
- Келген кезде құтқарушылар күшікті сыртқа шығарды. Ол қатты қатып, қорқып қалған, бірақ қазір оның жағдайы жақсы, - дейді аудан тұрғыны Александра. - Қазір жануар менің үйімде. Егер өзімнің үй жануарларым болмаса, мен оны өзіме қалдырар едім. Үй жануары сенімді қолға түседі деп үміттенемін!
Күшікті өзінің қамқорлығына алуға дайын тұлғалар 8-705-764-40-97, 8-777-414-69-22 телефондарына қоңырау шалуға болады.
Следующая →