Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Достық орденімен марапатталды
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Достық орденін табыс етті
Бұл туралы Twitter-де Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
- Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ұзақ уақыт бойы қолдау көрсеткені және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Достық" орденімен марапатталады, - делінген марапатқа қоса берілген куәлікте.
Қазақстан СІМ баспасөз қызметінде хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннен кейін осындай жоғары орденге ие болған екінші шетелдік көшбасшы атанды.
Достық ордені шетел азаматтары үшін Қытайдың жоғары мемлекеттік наградасы болып табылады.
Орден Республика орденінен кейін екінші үлкен және Қытайдың Социалистік жаңғыруына, Қытайдың әлеммен байланыстары мен ынтымақтастығына және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдауға ықпал ететін зор еңбегі үшін шетелдіктерге табыс ету үшін жоғары болып табылады, деп Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында атап өтті.