Көкпекті ауылының ойлы-шұңқырлы жолын жөндеуге әкімдікте ақша жоқ
Жолдың жиегі қазылып, құбыр ауыстырылғаннан кейін жол мүлдем шалшыққа айналды
Көкпекті ауылындағы құбыр ауыстыру жұмыстарының жасалып жатқанына биыл екінші жыл. Алайда қалпына келтіру жұмыстары бір мәселені шешкенімен, екінші тағы бір мәселені "жасап" берді.
- Құбырлар былтыр күзде ауыстырылған. Ал қазылған шұңқырларды жапқан ешкім болмады, ашық-шашық күйде қалдырды. Тіпті, көктемде көрші үйдің сиыры шұңқырға түсіп кетіп, әрең құтқарып алдық. Жеңіл көлікпен жүру мүмкін емес, тек Уаз көлігімен ғана жүре аласың, - дейді Цепура көшесінің тұрғыны Владимир Бирюков.
Ал басқа тұрғындар, тіпті, люктердің де жабылмай, шашылып қалған айтады. Айналада ойнайтын бала да, жүретін мал да көп.
Ал әкімдік болса, жол жөндеуге қаржының жоқтығын айтып, тек жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ғана жөндеу жұмыстарын жасауға мәжбүр екендігін айтады.
- Қазір Көкпекті ауылының орталық көшесіне топырақ төгіліп бітті. Бакин, Уәлиханов және Авдеева көшелерінің жолы жөнделген. Қазір кіші көшелердің жолдары қалпына келтіріліп жатыр. Ал Владимир Виничук, Александр Бойко, Гүлназ Нұргалиева есімді кәсіпкерлер техника беріп көмектесуде, - дейді ауыл әкімі Қайрат Алғазинов.
Следующая →