Мысырда төтенше жағдай жарияланды
Мысыр үкіметі үш айға жалпыұлттық төтенше жағдай режімін жариялайды
ТЖ аясында Синай жарты аралының солтүстік аудандарында, Израиль мен Газ секторымен шектесетін аумақта, коменданттық сағат жарияланды.
Алайда бұған не себеп болғаны әлі нақтыланбады.
Бұған дейін де Мысыр ислам экстремитсеріне қарсы күрес аясында Синай жарты аралының солтүстік аудандарында төтенше жағдай тәртібін енгізген болатын. Одан өзге, 2011 жылы Мысыр президенті Хосни Мубаракты құлатқанға дейін Мысыр төтенше жағдайлар кезеңін бастан өткерген.