Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Шетелдік азамат Өскемен қаласының тұрғындарын тонап кеткен

55 жастағы Өзбекстанның азаматы сәуір айында нәпақа табу үшін Өскеменге келген. Келе сала аңғал қарттарды қақпанға түсіретін әдіс ойлап тапқан

Алаяқ алтын таққан азиялық келбетті әжелер мен әйелдерді таңдап алып, жақын келіп әңгімеге тартып, ақыры тып-типыд тонап кетіп отырған.

Өскемен қалалық полиция бөліміндегілер хабарлағандай, ол алдымен ақша дайындап алып, алтын таққан әйелдің жанына келіп, "ақша түсіріп алмадыңыз ба?" деп сұрайды екен. "Жоқ" деген әйелге табылған ақшаны "шет жаққа барып, теңдей бөлісіп алайық" деп ел көзінен тасаға ертіп әкетеді.

Осы уақытта ақшаның "нақ иесі" пайда болып, ерлер өзара дау шығарады. Ал алаяқ азамат есі шыққан әйелге жағдайдың мән-жайы анықталғанша бума ақшаны алып, аулақ тұруын өтінеді. Ал әйел қашып кетпесіне кепіл етуі үшін өзінің бағалы затын тастап кетуді сұрайды. Ал "әртістердің" қойылымына сеніп қалған қарттар алтындарын кепілге бере салатын көрінеді. Ал шын мәнінде ақша жалған болып шығады. Алаяқ артынша ізін суытады.

- Қазіргі уақытта алаяқ тергеу изоляторында отыр. ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ПД баспасөз қызметі.

Следующая →