Қазақстандықтар онлайн төлем жасауды жиілеткен
Ғаламтор және мобильды банкинг арқылы төлем жасау көрсеткіші бір жылда 2,4 есеге артып, 741 млрд теңгені құрады
Статисктикалық мәліметтерге сүйенсек, елдегі ұялы байланыс операторларының 56%-ы мобильді ғаламтор пайдаланады, деп хабарлайды Finprom.kz сайты.
Мобильді ғаламтор қолданушылардың саны өтке жылмен салыстырғанда 10%-ға артқан.
Соған сәйкес ұялы телефон арқылы жасалатын төлемдер саны да артқан.
"Beeline Қазақстан" цирлы бизнес бойынша директоры Олег Алдошин атап өткендей, компанияның ұялы қаржы бойынша айналымы 2018 жылы 65 млрд теңгені құраса, қолданушылар арасындағы орташа чек – 2,5 мың теңге. Оның ішінде қоғамдық көлікпен қатынау ақысын SMS немесе QR арқылы төлеу әдісі жиі қолданылады.
2019 жылдың соңына дейін белсенді абоненттер санын арттыру көзделген.