Өскемен экологиясы нашар үшінші қала болып отыр
Бірінші орында Қарағанды облысы тұрса, екінші орында Теміртау орналасқан
Наурыз айының мәліметтерін салыстырған "Қазгидромет" мекемесі Өскемен қаласын ауасы ең нашар қалалардың қатарына қосты. Өскеменмен бірге Риддер, Семей қалалары бұл қатарға еніп кеткен.
Ауа қалдықтарының арасында азот диоксиді, көмірқышқыл оксиді, күкірт диоксиді, формальдегид, күкіртті сутек, фенол мен аммиактың мөлшері артып кеткен. Көлік пен кәсіпорындардан шығатын түтін қала атмосферасына көтеріліп, жел соқпау себебінен ұзаққа дейін сейілмей тұрып алады.
Әзірше облыс орталығы экологиясының қатерлі деңгейге дейін жетпегендігі ғана қуантады.
Айта кеткен жөн, Глубокое кентіндегі экология аздап болсын, тазарақ болып шықты. Ал Алтай қаласы мүлдем таза. Дегенмен мамандар Алтай қаласындағы құрал-жабдықтардың дұрыс мәлімет бермеуі де әсер етуі мүмкін екендігін айтады. Өйткені ауа қалдықтарын есептейтін қондырғылар қаланың ішінде емес сырт жақтарында орналасқан.