Өскемендегі сауда үйлерінің кейбірі лаңкестерден қорғау талаптарына сай емес
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлері халық көп жиналған алаңдар мен орындарды тексеріске алып, лаңкестерден қорғану жайын байқап білді
Ал талаптарға сай емес сауда үйінің әкімшілігіне айыппұл салынды. Мәселен, Өскемендегі екі үлкен сауда үйінің алды мен артында аумақты бақылауға алатын бейнебақылау камерасы болмай шыққан. Оларға 200 және 300 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынды.
- Жыл басынан бері 280 орын тексерілді. Оның ішінде сауда орындары, қонақ үй, супермаркет, басқа да халық көп жиналатын нысандар бар. Жеті нысан талаптарға сай емес. Енді оларға әкімшілік айыппұл салынады, - дейді мекеменің баспасөз қызметі.